Кітап оқыңыз! Бізге келіңіз! Кітапхана сіздің қызығушылығыңыз болсын! Құрметті оқырмандар!
Уақытты жақсы және пайдалы өткізуге болатын, біздің кітапхананың ресми сайтына қош келдіңіздер, біз қуаныштымыз! Мұнда сіз кітапхананың жұмысы туралы, түскен әдебиет туралы біле аласыз. Кітапхана сіздің қарамағыңызға кітап қорларын, мерзімді басылымдарды ұсынады, ақпараттар іздеуде білікті қызметкерлер көмек көрсетеді.
Ауыспалы кітап көрмелері Сіздерді әлемде болып жатқан маңызды оқиғалармен, әдеби даталармен таныстырады.
Кітапхана қала мен ауданның барлық тұрғындарына қызмет көрсетуге қамқорлық жасайды.
Біздің байланысымыз:
Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қ., Пролетар көш., 193.
E-mail: taybibl@mail.ru
Cайт: www.cb-tsh.sko.kz
Тел.: +7 (71536) 21286
Жұмыс уақыты | ||||||
ДС | СС | СР | БС | ЖМ | СБ | ЖС |
Демалыс | с 09.00-18.00 | с 09.00-18.00 | с 09.00-18.00 | с 09.00-18.00 | с 09.00-18.00 | с 09.00-18.00 |
08.08.2019
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ
«Орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ директор лауазымының бос орнына орналасу үшін конкурс жариялайды, категориясы А1-3 лауазымдық еңбекақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 90785 мыңнан 110075 мың теңгеге дейін.
Қызметтің сипаттамасы:
- Кітапхананың өндірістік, шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметін басқарады, қабылданған шешімдердің орындалуын, оның балансында көрсетілген, кітапхана қорын сақтау, толықтыру және тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;
- кітапхана стратегиясын және оның іске асыру механизмін басшылыққа алады;
- шарттарды жасайды және бұзады, заңды тұлғалармен мәмілелер жасайды;
- бұйрықтар шығарады, мекеменің мүдделерін сотта, мемлекеттік органдарда, мекемелерде ұсынады;
- құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді қарым-қатынасын ұйымдастырады, олардың қызметін кітапханалық қызмет көрсетуді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды;
- ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану және дамыту, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды;
- ұжымдық шарттың әзірленуін, жасалуын және орындалуын, еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесінің, бастамасының және белсенділігінің дамуына ықпал етеді;
- кітапхана қызметіне қатысты мәселелерді шешеді, директордың орынбасарына, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына қызметтің жекелеген бағыттарын жүргізуді тапсырады.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: «қызмет көрсету» немесе «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтарының топтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдарда басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу Қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға тілек білдіруші азаматтар, келесі құжаттарды ұсынады:
- конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
- еркін нысанда жазылған өмірбаян;
- білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек кітапшасының (ол болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;
- «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулық жағдайы туралы анықтама);
- ХҚКО-нан сотталмағандығы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби дайындық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан және т. б. басшылықтан ұсыныстар бере алады).
Конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлер, құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде әңгімелесуден өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымында жарияланған сәттен бастап, 15 жұмыс күні ішінде, СҚО Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Пролетар көшесі, 193 «СҚО Тайынша ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ мекенжайына ұсынылуы қажет. Анықтама телефондары: 871536-23-6-31, culture-tsh.sko.gov.kz.